Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  149


Автор: Құралай Омар

Арман – теңiз, айдында жүздi кеме...

Арман – теңiз, айдында жүздi кеме,
Көңiл – толқын толқи ма, үздiге ме?
Жағада қол бұлғаған бейтанысым,
Сағынады екенмiн сiздi неге?
Таусылмайтын тұңғиық қиял – әлем
(Өзiңiздi мен кiмге қия алар ем?)
Дәрменсiзбiн… Әттең-ай, сағым болсам,
Кеудеңiзге, ойланбай, ұялар ем.
Сыр айтамын сыбырлап самалдарға…
Қарамайтын тосқауыл, қамалдарға
Ертегi батырындай ерлiгiм жоқ,
Батылым жоқ, қайтейiн, амал бар ма?!
От боп жандым, айналдым тағы алауға,
(Тағдыр – ұстаз сынауда, бағалауда)
Өзiңiзге асықтым, күтiңiзшi,
Күтiңiзшi менi сол жағалауда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу