Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  110


Автор: Құралай Омар

Өлара түнiн жек көрiп...

Өлара түнiн жек көрiп,
Сырлас Айым жерге жетпей, көкте өлiп.
Қиялымнан Ай мен сiздi тапқан ем,
Әлемiмнен алып кеттi көп көлiк.
Тәттi ойымды шуы бөлiп көшенiң,
Ұсынады “iше ғой” деп кесе мұң.
Жаным жасып жүргенде жалғыздықтан
Жұбатады дауысыңыз... кешегi үн.
Алданышым, арманымсыз, ығымсыз
...Жанарыма қонақтады шық үнсiз.
Сағынышпен тағы да бiр күн өттi...
Түсiмiзге енiңiзшi бүгiн сiз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу