Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  103


Автор: Құралай Омар

Сары сезiм қойғаннан соң ағармай...

Сары сезiм қойғаннан соң ағармай,
Көпшiлiктен саяқ кетiп, жекелеп,
Баққа келдiм жаным дауа табардай,
Өзiмдi өзiм... сосын үмiт жетелеп.
Бүтiн көңiл жарты болған, жарылып.
Ауыр екен сағыныштың салмағы.
Аңсағаным, күтем деймiн сарылып,
Сөкпеңiзшi, төзiм мүлде қалмады.
Таусылдым-ау, тауым қоса шағылып,
Саябақтан жылап қайттым, түнерiп.
Жалғыз... жалғыз жүрек отыр тағы ұлып,
Жанарыма, жамалыма мұң ерiп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу