Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  94


Автор: Құралай Омар

Кеудемдегi лапылдаған өштi жылт...

Кеудемдегi лапылдаған өштi жылт,
Қуанта алмай көңiлдi көктем күйретiп.
Қолын бұлғап басқа жаққа көштi бұлт,
Моншағы үзiк жанарға жылауды тағы үйретiп.
Қош дедiм бұлтқа...
Шексiзбен өлшеп биiктi.
Тұңғиық аспан армандарымды шақырып,
Ұшамын...
Батырса да өмiр сүйiктi,
Сағыныштарға тұншықсам-дағы аһ ұрып.
Сарғайып кеттiм, жапырақ бiткен жасыл-ды.
Аңсаумен өткен күндерiм өлiп, бұлдырап.
Үмiтi тiрi қиялым Айға асылды,
Тамсанғаныммен, өмiрiм емес бұл бiрақ.
Алданып және арманнан тауып тереңiн,
Бақытты болам сол елде,
Сосын самғаймын.
...Асыл ойымды көп шуға жем қып келемiн,
...Айтады тiл мен таңдай мұң...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу