Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  108


Автор: Құралай Омар

Бiлемiн, Кешiрмейсiз, кешпедiңiз...

Бiлемiн,
Кешiрмейсiз, кешпедiңiз.
Жауратты өкiнiшiм – төстегi мұз.
Қия алмай тұрсаңыз да (сүйсеңiз де),
Қайтейiн, “қош” дедiңiз, “қош” дедiңiз.
Өшпедiңiз жанардан, жарық күнiм.
Өкiнумен өтуде ғарiп түнiм.
Сiзге деген мөп-мөлдiр сағыныш пен
Жүрегiме мекендеп алыпты мұң.
Тәп-тәттi қиял едiң, тоймаған ем,
Мұң болдыңыз, бағым деп ойлаған ем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу