Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  101


Автор: Құралай Омар

Көрiнермiн жұмбақ тым...

Көрiнермiн жұмбақ тым...
Қиял – теңiз, тереңiне шым баттым.
Өзiңiздi аңсадым.
“Сiз” деп соққан жүрегiмнiң лүпiлiн
Келiп едi тыңдатқым,
Қымбаттым.
Жоқсыз.
Өзiмдi-өзiм алдадым.
Тек күтумен күндерiмдi жалғадым.
Келсеңiзшi...
Құлақ тосшы... көкiректi жарған үн
Сiзге арналған, ардағым.
Естiмейсiз... жүрегiңiз құлақсыз...
Көрiнбейсiз, бiр қалада жүрсек тағы, жырақсыз.
Сiрә, менi ұмытқан да боларсыз
...Алтыннан да бағалысыз бiрақ сiз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу