Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  107


Автор: Құралай Омар

Жанға сая таптырмады саябақ...

Жанға сая таптырмады саябақ.
Мен мұңайдым, ағаш та мұң, тас та мұң.
Сiзге деген сезiмiмдей аялап,
Ерiп жатқан аппақ қарды баспадым.
Баса алмадым, жылап жатыр нәзiктер,
Күн көзiнен қорғанады –
Қорғансыз...
Менiң ақ қар көңiлiмдi жазып көр.
Сiз де маған күн сияқты болғансыз.
Қауқары жоқ қар боп мен де ерiгем,
Сiзден өзге Күн болмаған көңiлде.
Сосын...
Сосын барлығынан жерiгем...
Өкпелiмiн сiзге және өмiрге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу