Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  118


Автор: Құралай Омар

Ендi қашан жүздесем?

Ендi қашан жүздесем?
Тап болып ең тағдырыма күзде сен.
“Сағыныштан сарғайттың ғой бар ма едi бiзде есең”
Деп тәңiрге тiл қатып ем түндерде.
Салқындапсың.
Егер сүйсең, арамызды үзбес ең.
...Аппақ қарда iзiм жатыр – iздесең...
Ендi қашан кездесем?
(Көп iшiнен түсiп едiң көзге сен)
Алқымыңа тығылған айтарыңды сезбесем,
Кешiр менi...
“Жыр оқышы”
...Үнсiздiк...
Түсiнбедiм, бұрындары өзгеше ең.
...Аппақ қарда кетiп барам – өз көшем...
Ендi қашан жетемiн?
Жанарымның моншағына толып кеттi етегiм.
“Жұлдыздарға сыр шертiп отырады жеке кiм?”
Деп сұрама.
...Аппақ-аппақ әлемде қар қызы ән салады,
Құлағыңа жете ме үн?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу