Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  86


Автор: Құралай Омар

Еркелейiн

Келшi, жаным, аңсарым, сағындырмай,
Құшағыңда жанайын, өртенейiн.
Сағыныштан сарғайған жаным бiр жай
Тауып, саған, арманым, еркелейiн.
Еркелейiн, балқиын құшағыңда,
Жалынына сезiмнiң ерiп кетiп.
Махаббаттың шешейiк тұсауын да,
Қоймайық, жiберейiк ерiктi етiп.
Еркелейiн, ұмытып қайғы-мұңды,
Ләззатына батайын өмiрдiң бұл.
Керек қылмайм жұлдыз бен Ай, Күнiңдi,
Сен қасымда болғанда көңiлiм гүл.
Кеш пе, мейлiң, келшi тез, ерте мейлiң,
Төзiмiм мүлде менiң жетер емес.
Елiгiндей Алтайдың еркелейiн,
Наздануым өзiңе бекер емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу