Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  114


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Сен

Оны алғаш көргенде жаз болатын,
Жүрегіме жырменен жазғам атын.
Атын жазып үлгердім,
Одан кейін
Адасқанбыз кездесіп азғана күн.
Содан кейін көргенім...
Сары күз-ді.
Үлгермедім сұрауға хәліңізді.
Мұңды көзің бір қадап жоғалғансың,
Адастырған Уақыт тағы бізді.
Тағы көрдім кеше мен.
Қыс қой қазір,
Сезім байғұс алыста, ұстауда жүр.
Көзімізді жолдадық кездесуге,
Өзімізді тоқтатар күш қалмады.
Болады екен мұндай да ұғынысу,
Көзімдегі өлеңнің тұнығы - сыр.
Алғаш көрген сәтімнен өзгермеген
Құпиялау, сыйқырлы жымиысың.
Гүлдің нәзік күлтесін өпкенде Күн
Кездестірсем өзіңді көктемде бір,
Өзіңменен тағы бір жолығыссам
Сырын айтар сағыныш шеккен көңіл...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу