Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  92


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Мұңай

Мен мұңайсам жетедi. Сен мұңайма.
Қайтесiң көңiл атты көлдi лайлап.
Маңдайы тасқа тиген қайран көңiл
Керуенiн тартар екен ендi қайда...
Көңiлiм көгермейдi күн жылыса,
Жүрегiм жүдеп кеттi мұңды-құса.
Бақыттың менен кеткен есебiнен
Сен бақытты болсаңшы тым құрыса.
Мұңайшы.
Мұңайғаның жөн де шығар,
Бұл жалғанда жалғыз-ақ сен бе сыңар?!
Әулиедей көретiн ағам айтқан:
Мұңды жанның мың-мың сан көмбесi бар,
Көмбесi бар көңiлдiң өлмесi бар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу