Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  102


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Жаралама жанымды күлiп қарап...

Жаралама жанымды күлiп қарап,
Әуре сарсаң болармын тұйыққа қап.
Мұңды тыныштығымды бұзба, өтiнем,
Онсыз да жүрек жара, қиық қабақ.
Мұңды тыныштығымды бұзба, өтiнем,
Құлап кетiп жүрермiн құз бетiнен.
Мендiк жүрек мұң сүйiп жүргесiн бе,
Әйтеуiр өзге жанға құрметi кем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу