Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  227


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Қалған көңiл - өшкен от...

Қалған көңiл - өшкен от.
Күлi қалған.
Бұл сөзiмнiң емес-тi бiрi жалған.
Сенi қандай сол кезде сүйсем дағы
Көңiлiмде сен емес, iзiң қалған.
Жуылған-ды жанымның кiрi кетiп,
Түсiрмедiм кiреуке жүзiңе түк.
Жүрегiмде әрқашан жүрген бейне


Өзiң емес, әшейiн сүгiретiң.
Мезi болды бейнеңнен қос жанарым,
Қатал айтсам қайтейiн, кеш, қарағым.
Сағынғаннан емес тек, қайғырғанда
Күдер үзген кейiппен еске аламын.
Осылай салқынқанды күй кешемiн,
Терең ойға батырып жүр кешегiм.
Ғайыптан маған қайтып келер болсаң
Бәрiбiр сондағыдай сүймес едiм...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу