Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  106


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Құлазып қалған сәттерде налып...

Құлазып қалған сәттерде налып,
Наздарын тыңдап жүректiң
Сағынышымды дәптерге жазып,
Жасыммен шылап жыр еттiм.
Есiме түстi күнi кешегi
Көгiлдiр көктем, алтын күз.
Қоңыраулатқан үнiңе сенiң
Араласыпты-ау салқын мұз.
Көрiктi күнiм сенсiң аспанда
Сездiрмей жүрдi демесең.
Жарқылдап келiп жөн сұрасқанда
Айналып кеттiң неге сен?
Аңсап жеткенде аңсап атыңды,
Бақытым менiң деп мынау.
Өмiрден артық махаббатымды
Аяққа басып кеттiң-ау...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу