Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  102


Автор: Сайламқан Мұстақиұлы

Хан тәңірдің қыраны

Есті жанның мұңдасы,
Екі ғашық сырласы.
Мұқағали жырларын,
Жүрегіңмен тыңдашы.
Қайырмасы:
Хантəңірдің қыраны,
Қиырдан шолған қырағы.
Мейіріңді қандырған,
Жырдың кəусар бұлағы.
Самғауындай сұңқардың,
Шабысындай тұлпардың.
Əрбір сөзің əн болып,
Асқақтата шырқалдың.
Бойтұмардай есімің,
Тербеткен сезім бесігін.
Шалқығын шалқар шабытқа,
Дүние ашты есігін.
Мəңгіліктің алауы,
Құштар жүрек қалауы.
Жыр жолында ұстанған,
Ақындардың жалауы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу