Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  97


Автор: Сайламқан Мұстақиұлы

Бас

Ми да, көз, құлақ, тіл де баста,
Мисыз қимыл жасай ма, мүше басқа.
«Жүрекке əмір жүрмейді» дейді екен ғой,
Ал ендеше басеке өзің баста.
Мимен ойлап, көзіңмен көріп барып,
Ауызда сөз құлаққа жетсін анық.
Қолмен ұстап, көз көрген анық болар,
Естігенмен көргенде бар ғой парық.
Кəрің де құдайым жасымызға,
Беріпті ғой билікті басымызға.
Ақыл менен бастай ма, ашуменен,
Досымыз да бас екен, қасымыз да.
«Жүрекке əмір жүрмейді» сен не дерең?
Бұл сөзіңе еш уақыт беу демегем.
Ми менен көз, құлақты керек етпей,
Сонда жүрек жүре ме, кеудеменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу