Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  120


Автор: Сәуле Досжанова

Бірге тұрып сонша жылда ұққаным...

Бірге тұрып сонша жылда ұққаным,
Ешқашанда саған қарсы шықпадым.
Сенің сөзің заң сияқты мен үшін
Осы болар өмірде бар ұққаным.
Бірге тұрған сонша жылда байқадым,
Ешқашанда шайқалмады ой-тағың.
Жазып тастап, жаздай жайнап жүресің,
Осы болар қызметіме қайтарым.
Бірге тұрып барымызға бекем боп,
Кеудемізге бақыт құсы мекендеп.
Екі жақтап күзетеміз қайткенде,
Осы дәурен тарқамаса екен деп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу