Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  146


Автор: Сабырхан Асанов

Қарап едің, қалқам, талай алқынып...

Қарап едің, қалқам, талай алқынып,
жанарымда жанарыңның жарқылы...
Жалғандығын мына жарық дүниенің,
білем деп пе ем бірақ өзің арқылы.
Сипап тұрып шаштарыңды талданған,
бәрі, бәрі менікі деп малданғам.
Жаныңды жат жараласа мейлі ғой,
жаман екен жақыныңнан алданған.
Кез боп қалсаң, іркілесің, іркесің,
бұрын мені білмегендей үркесің.
...Баратын жер,
бағдарынан айырылып,
Сағым буған сахарада тұр көшім..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу