Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  106


Автор: Сабырхан Асанов

Мен Абайдан екі-ақ жас кішімін

Мәнісі онша болмаса да ісімнің,
мен Абайдан екі-ақ жасы кішімін.
Таң-тамаша қаларлықтай тағдыры,
бола береді екен ғой бұл кісінің.
Білген жанға Абай қайда, мен қайда,
Абай аты,
Абай даңқы– шалғайда.
Қатарымнан қыла көрме кем деген,
тілегімді құдай қабыл алғайда.
Сол себепті жыр жазамын ерте-кеш,
көз алдымда ертең жайлы ерке елес...
Таяп барып тұрсақ болды Абайға,
жұрттың бәрі Абай болу– серт емес!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу