Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  118


Автор: Сабырхан Асанов

Аппағым -ай жарқыраған алдымда...

Аппағым-ай жарқыраған алдымда,
айғағы едің адалдықтың, ардың да.
Еркекпін деп еркелеп ем сәл ғана,
сонымды да көтере алмай қалдың ба?
Бұлт шеті бүркегендей нұрлы айды
қабағыңа келе қапты бір қайғы.
Бұрынғыдай жайнаңдай бер, жана бер,
қайғы түгіл,
қабаржуға тұрмайды.
Жалғыз сен деп шарықтайды шағала,
теңіз– ойда титтей бөтен жоқ ала.
Тағдырымды талқан қылмай, жөн сілтеп,
сен маяксың жанып тұрған жағада...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу