Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  76


Автор: Сабырхан Асанов

Бар өмірім өтпесе де тойлаумен...

Бар өмірім өтпесе де тойлаумен,
емін-еркін жетпей мынау қойды-ау дем.
Қайран уақыт өлең
-жырды аулайтын,
өтіп жатыр қарын қамын ойлаумен.
Елмен бірге өзгеру де– кеш маған.
еске алам-ау,
бәрін, бәрін еске алам.
Құдайым-ау,
мен қайтемін өлеңді,
аузын ашып тұрған кезде бес балам.
Дей бергендер түзелер сөз түзелді,
бар үміттің құйрық-жалы күзелді.
Қош, аман бол, әулие өлең, пір өлең.
бұл жалғанда кездеспеспіз біз енді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу