Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  79


Автор: Сабырхан Асанов

Ең қиыны – лауреаттығын бермес -ақ...

Ең қиыны– лауреаттығын бермес-ақ,
болыпты да жыр жырласақ, тер болсақ.
Лауреаттығым– оларда емес– бойымда,
мен жүзімді тұра алмаймын жерге сап.
Өнерімді онда-мұнда тықпалап,
бағала деп жүгірмеймін, бұқпалап.
Биік келгем,
сол қалпымда қалам мен,
бұл өмірге биік қарап, тік қарап.
Түндерде аппақ кеудесін жыр, от қысып,
деңдер мені ай, жұлдызға кетті ұшып.
Ал, төменде қала берсін қырқысып,
лауреаттықты бөлмек болған көп пысық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу