Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  114


Автор: Сабырхан Асанов

Арақ ішіп стакан, шелектерді толтырып...

Арақ ішіп стакан,
шелектерді толтырып,
өзімізді өзіміз
жібердік көп өлтіріп.
Мүлдем сиреп кеттік қой
өзі сирек ақындар,
есебі бар, есі бар,
жүр ғой мынау ел тірі.
Солай-солай көбіміз
көктей солдық, қиылдық,
бәз біріміз бар амал
біткеннен соң тиылдық.
Өлі-тірі боп сосын
кітаптарға айналып,
дүкендерде бас қостық,
дүкендерде жиылдық.
Біздер бұрын білгенде,
едік мұны қаламас,
жаза алмаған өмірін
жарты өмір– жарты бақ.
Күйде сол бір шала ес,
күйде сол бір шала мас,
полкаларда тұрармыз
бас жаза алмай қалтырап...
Көңілім бәрін сезеді,
көңілім бәрін болжайды,
қара шашым ағарды,
айтуға енді қақым бар;
есте ұстаңдар бұл жайды,
ұмытпаңдар бұл жайды,
бізден кейін желкілдеп
шыққан гүлдей, ақындар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу