Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  116


Автор: Сабырхан Асанов

Жайқалған гүлі, шайқалған жасыл терегі...

Жайқалған гүлі,
шайқалған жасыл терегі,
көп емес мынау өмірден маған керегі.
Керегі маған– бір ауыз өлең өлмейтін,
сақтайтын оны қазақ бір деген ел еді.
Екпіні жаман есті алған мына жыл, айдың,
шыдап-ақ келем,
қашанғы бірақ шыдаймын.
Аман қыл елді,
аман қыл жырды мен жазған,
деп тілеп қана егіліп іштей жылаймын..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу