Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  88


Автор: Сабырхан Асанов

Жүз өлең бе, мың өлең бе, жаздым мен...

Жүз өлең бе,
мың өлең бе, жаздым мен,
бір солардың қамын ойлап аздым мен.
Көкірегіне гүддер қадап көктемнен,
жанарына жалын жағып жаз күннен.
Қанша қайрат,
қуат– күшім кетсе оған,
бір ғұмырды бүтін бердім тек соған,
деген оймен
ұзап шығып алысқа,
он өлеңім он ғасырға жетсе аман.
Иемденіп жатқан мынау жерді алтын,
қазағымның білемін ғой мен нарқын.
Жетпей қалса жетпей қалсын өлеңім,
жетсе екен сол бір шаққа ер халқым.
Жағдай солай бұл күндері достарым,
мен соқпаймын бұрқыратып босқа мұң.
Сақта құдай,
халқы үшін қайғырмай,
қалт-құлт етіп күйттегеннен бас қамын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу