Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  109


Автор: Сабырхан Асанов

Көзімді қадап келемін алға...

Көзімді қадап келемін алға,
ақындық– асқақ әлем бе деймін.
Биікпін,
өрмін өлеңім барда,
патшаңа да оңай сәлем бермеймін.
Жүрегім жаннан жасқанбады бұл,
жатпасын кейде білініп бағам.
Ақ тамшы болып аспандағы бір,
ақша бүлттарға ілініп қалам.
Жақыным түгіл,
жатқа да зорлық
етпеуге ой бар көңілде бекем.
Өмірге келгем тап-таза болып,
тап-таза болып өмірден кетем.
Кеудемді пысық жан сала сүйреп,
жортпадым заман түлкісі болып.
Төгілдім жастың болса да сирек,
кез жасы болып,
күлкісі болып...
Көзімді қадап келемін алға,
ақындық– асқақ әлем бе деймін.
Биікпін,өрмін өлеңім барда,
патшаңа да оңай сәлем бермеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу