Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  121


Автор: Сабырхан Асанов

Мен бір қызды іздеп келем Жайыққа

Ағайындар, айтыңдаршы, айып па?
мен бір қызды іздеп келем Жайыққа.
Өзіменен бармап едім бақтарға,
өзіменен жүзбеп едім қайықта.
Көктемеде
кең даланы тербеген,
қыдырып бір
қызыл гүл де термеп ем.
Адам болып айтпап едім бір сырды,
жалғыз сырды көкіректі кернеген. 


Біздің жақтың қалың-қалың бауы бар,
біздің жақтың төбелердей тауы бар.
Сол баулардың,
сол таулардың ішінен,
жігіт болсаң,– деген еді– тауып ал...
Ағайындар, айтыңдаршы, айып па?
мен бір қызды іздеп барам Жайыққа,
өзіменен бармасам да бақтарға,
өзіменен жүзбесем де қайықта!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу