Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  138


Автор: Сабырхан Асанов

Жүйрік ойға жалын байлап жәй түннен...

Жүйрік ойға жалын байлап жәй түннен,
аққан жұлдыз– арманды мен қуыстым.
Миллиардтап жыл көретін ай, Күнмен
ажырамас ағайынмын, туыспын.
Кәриядай кәудірлеген Қаратау,
бірге жасап келе жатқан босағам.
Інімдей боп кеткен мына Алатау,
екі-үш ғана миллион жыл жасаған.
Мәңгілік қар қонып жатса шыңдарға,
тарқамайтын тойды еңісте тойластым.
Жұлдызды аспан,
жарқыраған Күн барда,
мен де мүлде жоқ боп кете қоймаспын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу