Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  161


Автор: Сабырхан Асанов

Табиғат – ана -ау...

Табиғат– ана-ау,
табиғат– ана-ау
табиғат...
Әкем өлді– жыладым,
шешем өлді– жыладым,
ағам өлді– жыладым,
інім өлді– жыладым.
Содан қалды суалып,
екі көзім– бұлағым.
Табиғат — ана-ау,
табиғат — ана-ау,
табиғат...
Қас алдады– шыдадым,
дос алдады– шыдадым,
жас алдады– шыдадым,
кәрі алдады– шыдадым,
бәрі алдады– шыдадым.
Сеніп қала жаздады,
содан жүрек– шырағым.
Табиғат– ана-ақ,
табиғат– ана-ау,
табиғат...
Неғыласың қалайын,
көрдім азап талайын,
шаршатты әбден ағайын,
қайбіріне жағайын,
мен өзіңе барайын,
шөлдеріңе қарайын,
көлдеріңе қанайын.
Арқаны сүйеп асқарға,
кең далаңа көсіліп
демімді бір алайын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу