Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  121


Автор: Сабырхан Асанов

Азуы алты қарыс жас арыстан...

Азуы алты қарыс жас арыстан,
секілді күндер мынау қасарысқан.
Жалпылдап жасы құрғыр барады асып,
жастан да жалындаған,
жасамыстан.
Белгісіз бір жақтарға түзеп бетті,
қызықты кездерден тез ұзап кеттік.
Бурадай буырқанған көңілдерді
бастық та,
бірте-бірте ізетті еттік.
Қаншама қимастыққа қамшы бас көп,
бітпегі бұл өмірдің сонша рас боп,
жападан жалғыз барып батар күндей,
тұрармын көкжиекте тамшы жас боп..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу