Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  95


Автор: Сабырхан Асанов

Жаныңа кесел батқанда...

Жаныңа кесел батқанда,
жетсе егер шамаң, елеме.
Жұлдыздар сөніп жатқанда,
бір өмір деген немене?!
Жан да емес едің желөкпе,
бір ғана жүрек сұраған.
Бір тұтам тірлік керек пе,
сүймесе сені бір адам?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу