Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  100


Автор: Сабырхан Асанов

Кесел қысып, қусырылсын күн ғажап...

Кесел қысып,
қусырылсын күн ғажап,
өтемін деп өксімейін бекерге.
Абайсызда күнін көрген бұл қазақ,
мен өлгеннен құрып сірә кетер ме?!
Менен басқа жан жоктай-ақ жалғанда,
кайғырмастан,
қаншама ісім болса ағат,
екі сөздің басын құрай алғанға,
әуре боппын өзімді өзім зор санап.
Рас, кейде жыр жазамын зорланып,
көңіл күйін төге алмастан бір демде...
Қалады екен қапаланып, қорланып,
адам өзі түк емесін білгенде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу