Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  97


Автор: Сабырхан Асанов

Бір қимас досқа

Әкем өлгенде
ағара қоймаған бұл шаш,
шешем өлгенде
ағара қоймаған бұл шаш,
сен кетеді екен деп ағара қоймайды
маған десең, күл шаш!
Әкем өлгенде
жарыла қоймаған бұл жүрек,
шешем өлгенде
қиыла қоймаған бұл өмір,
сені кетеді екен деп қиыла қоймас,
мұны да біле біл!
Сенен мынау жырақта,
қанатын қызыл жайса іңір,
бірақ, бірақ, бірақ та,
жетісер дейсің қайсы бір.
Кетпей-ақ осы қойшы бір?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу