Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  126


Автор: Сабырхан Асанов

Зіл батпан ба, соншама салмақты ма ой...

Зіл батпан ба,
соншама салмақты ма ой,
қан-сөлімді ішіп-жеп салмапты ғой.
Бұл азаптан ағарып кетер ме еді шаш,
ағаратын шаш та бұл қалмапты ғой.
Абылайды,
Шоқанды,
Абайды алған,
Мұхтар,
Қасым,
Жұмекен... талайды алған
жердің бетін жайпаған жауыз ойлар,
Маған дағы артылып қалай қалған?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу