Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  101


Автор: Сабырхан Асанов

Бір көгеріп, бір қуарған, дүние -ай...

Бір көгеріп,
бір қуарған, дүние-ай,
бір көрініп,
бір жаңарған, дүние-ай,
бір көгеріп,
бір қуарудан аспайтын,
қалай болар екен менің күнім-ай.
Күндер,
айлар келе жатса тасқын боп,
көкіректен көшіп кеткен жас күнгі от.
Көгеруден әддеқашан өтсем де,
қуаруға қарай аяқ басқым жоқ..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу