Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  119


Автор: Сабырхан Асанов

Құстай боп көк аспанда қалықтаған...

Құстай боп көк аспанда қалықтаған,
қызықтан қалып барам, қалып барам:
көзіммен қимай-қимай ұзатып сап,
төсінде тұрмын сұлық алып далам.
Қол бұлғап кетті солай қанатты шақ,
жарқылдап,жүрген жері жанат құсап.
Кім маған жақын жерден жымияды,
кім маған жаяр енді қалап құшақ.
Күн кейпі көкіректен өшпес деймін,
кеттің деп мені тастап, өштеспеймін.
Ал, аман бол деуге де әлім келмей,
қанатты шағыма іштей қош-қош деймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу