Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  124


Автор: Сабырхан Асанов

Біздер сүйер ерінді сүйіп басқа...

Біздер сүйер ерінді сүйіп басқа,
көкірекке кетті ғой күйік тастап.
Атқан таңнан айнымас армандарды,
жиған екем жүрекке үйіп босқа.
Біздер сипар шаштарды сипап басқа,
кетеді бір,
кетеді қинап босқа.
Қанша қажет еді деп қатты сасам,
күмбірлетіп кеуде ішін күй қаптасса.
Бір соқкан жел– жастық шақ– өтті де екпін,
көз түбіне мұңымды көп түнеттім...
Аз өмірдің симайтын аясына,
қажеті де жоқ екен көп тілектің.
Кештер түссе есігін жайлап ашқан,
түрім мынау аяғын майда басқан,
өртенерім болмаса лап етіп бір,
жастар көрсем тұра қап аймаласқан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу