Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  106


Автор: Сабырхан Асанов

Мықтымсынып буынғанмен белді біз...

Мықтымсынып буынғанмен белді біз
көктем кетті,
жазым кетті,
келді күз.
Бұрын қызды мақтап қана жазушы ек,
даттап қана жыр жазамыз енді біз.
Қасарысып көбі тілді алмайды,
бір қулыққа бір қулықты жалғайды.
Бұрын біздер қыздарды аздап алдаушы ек,
қазір қыздар бізді аямай алдайды.
Өмір, өмір, түс пе едің сен, өң бе едің,
басқа түскен қай ісіңе көнбедім?!
Бір білгенім– ит жанды екен бұл адам,
не көрсем де– өлмедім мен, өлмедім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу