Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  125


Автор: Сабырхан Асанов

Балапандар барады мамаларымен бірге...

Балапандар барады мамаларымен бірге,
көпті көрген көне көз даналарымен бірге
Кейін қалып барады кең жазира өлке,
үлкен-кіші қаптаған қалаларымен бірге.
Ыстық еді қаз басып тұрған жері сондай,
ертелі-кеш сан сайран құрған жері сондай.
Балапандар барады түстікке асып,
қарай-қарай қимастан туған жеріне сондай.
Қош, қош қайтып көргенше балапандарым-ау,
сендерсіз де атпақшы дала тандары мынау.
Көк аспанды сипаңдар– қолымды созсам,
көз ұшында қалқыған алақандарым-ау...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу