Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  96


Автор: Сабырхан Асанов

Ақ қар басқан далада...

Ақ қар басқан далада,
аппақ ойлар ойлаймын.
Қайтпай сонау қалаға,
қалып неге қоймаймын.
Таныс үні құлаққа,
тыңдай қалсаң тұра қап.
Қала– жақсы,
бірақ та,
дала деген– рахат!
Құмармын мен далаға,
құмармын мен ғашықтай
Қайтсам да сол қалаға,
қайтайыншы асықпай..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу