Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  129


Автор: Сабырхан Асанов

Бақыт деген не?

Бақыт деген не,
ренжітпеу мен жарынды,
беру ме әлде жүректі– қолда барыңды.
Кейде бір кейде кеудеңді кернеп кеткенде,
айтпақсың кімге қайғың менен зарынды.
Бақыт деген не,
жарыңа әлде сөйлемеу,
тілінді тістеу,
қой дейтін жерде қой демеу.
Бәріне көну,
бәріне төзу не десе ол
осының дұрыс деген бір болып ой
– демеу...
Жо
-жо
-жоқ, жаным,
бақыт деген ол– күресу,
қажет боп жатса,
жеткенше әлің тіресу.
Құлдыққа көнбеу
Нұр болсаң егер, бір саулап,
самал-жел болсаң, сай-сала қуып бір есу.
Ақ бұлақ болып,
қатар бір ағып күлісу
ақ шыңдар болып,
қаз-қатар бірге тұрысу.
ақша бұлт болып,
көктемгі көкте құлпырып,
алаулап, лаулап бір ұшу.
Жөн-жосық осы тірліктен мынау мен күткен,
әйтпесе, кетіп қаламыз жұрттық, елдіктен.
Шырылдап тұрған бір жерден бақыт шықпайды,
шығады бақыт тек қана тепе-теңдіктен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу