Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  93


Автор: Сабырхан Асанов

Сені көріп – қуанам...

Сені көріп– қуанам,
Сені көріп – жұбанам.
Махаббатта болса егер,
мендей болар дуанаң.
Жағдайым жоқ күлгендей,
Жан көрдің бе бір мендей.
Қарай берем өзіңе,
қайыр сұрап жүргендей.
Жүрегімде– бір жалын
мен соған-ақ ырзамын.
Бермесең де садақа,
қапаланбас бір жанмын.
Үміт-гүлді отамай,
келем әлі, о тоба-ай!
Білген жанға бір мені
бақытты ету оп-оңай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу