Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  96


Автор: Сабырхан Асанов

Ақ қар басты Алатауды...

Ақ қар басты Алатауды,
Алматыны аралайды,
ағаш біткен,
үйлер біткен аппақ болып қарайды.
Жердің беті
кір қоңынан бір жолата безгендей,
көкірекке,
көңілдерге бір тазалық тарайды.
Әртүрлі ойлы,
әр қиялды
әр пиғылды адамдар,
біз де солай
шын тазарып кетсек, шіркін, жарайды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу