Өлеңдер ✍️

  11.05.2022
  109


Автор: Сабырхан Асанов

Күндер мынау қызығымды ұрлаған...

Күндер мынау қызығымды ұрлаған,
таңқалмаймыз кейде нансыз қалсақ та.
Тәуелсіздік алған елім бір маған,
тәуелді боп өткен күнді аңсатпа!
Тілемейтін,қалмайтын күй өңге,
тұрса гүлдеп маған өлке, өңір, бел,
арлы-адал ерлеріңе сүйен де,
арлы-адал ерлеріңе көңіл бөл!
Қорашсынба,күле алмаса күлкіні,
қорашсынба,күйбең қағып жүрсе олар.
Басыңа күн туа қалса бір күні,оттан,
судан алып шығар бір солар.
Күндіз-түні көз байлаған бықсық көп,
қанша байлық көз алдымда таланды.
Сен шашырап кетпес үшін быт-шыт боп,
ерлер керек қара нардай табанды.
Әлемнің әр түкпірінде, тілінде,
сен туралы айтылмайтын сөз қалмас.
Мақталғанмен,датталарсың бірінде.
тау тұлғалы жандар керек қозғалмас.
Бір күн түгіл,жүз күн түгіл,мың күнде,
мен жақсынды тауыспаспын мақтап бар.
Түбі керек боп қалуы мүмкін деп,
Сақтай алсаң,соларынды сақтап қал




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу