Өлеңдер ✍️

  11.05.2022
  92


Автор: Қаршыға Есімсейітова

Тағдыр жазып жолыққан бала қызды...

Тағдыр жазып жолыққан бала қызды,
Жастық дәурен жарастырды арамызды
Студент шақ– білімге бой алдырып,
Есейтті де сол қызды дана қылды...
Арқаның самал желі қылығанда,
Еркелік, сұлулық бар тұлымыңда.
Курстың ғана емес күллі қазақ
Мұхтарын жуасытқан құрығында...
Ұл-қыздың анасысың, немеренің,
Толысып өрге жүзді кемелерің.
Тарихтағы аналар қатарына,
Білеміз Айгүлдің де теңелерін.
Жасыңа жас қосылсын Алла беріп,
Жүзіңді күлкі ойнасын алма керік.
Жүзге жеткің шаршамай, шөпшек сүйіп,
Ғасырға да қол беріп, арма делік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу