Өлеңдер ✍️

  11.05.2022
  377


Автор: Қаршыға Есімсейітова

Анаға тілек

Шырағын қосағыңның сөндірмедің...
Тағдырдың сындарына жеңдірмедің.
Аялап ең ұл-қызды Алла берген,
Жетпісіңді тойлайды– өндірлерің.
Алақаның Әлемді аялаған,
Жақынынан жан жылуын аямаған.
Ана Сені, ардақтау парызымыз
Ұл– қыздарың кеудеңді саялаған.
Шақырып, ағайынды тойыңызға,
Құямыз нұр– шапағат бойыңызға.
Ортасында гүл жайнап отырыңыз,
Болмасын ешбір алаң ойыңызда!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу