Өлеңдер ✍️

  11.05.2022
  106


Автор: Қаршыға Есімсейітова

Жылатпа мені, тағдырым...

Жылатпа мені, тағдырым,
Мұңайттың талай жетпей ме?
Шырқырап жатыр ар- мұңым,
Кеудемді тесіп өтпей ме?!
Сұрақ боп жазған жырларым,
Мың құрақ болды сырларым.
Шуы көп қала сыйғызбай,
Аңсаймын қырат-қырларын.
Кетсем бе екен мәңгілік,
Киік боп тағы- маңғырып,
Дүбірге бөлеп даланы,
Жүрер ем жыр ғып, ән қылып.
Кетсем бе екен сағым боп,
Қимайтын жалған, тағым жоқ.
Жолықса шіркін, алдымнан,
Иесі жырдың бағым боп.
Кетсем бе екен жел болып,
Жаңбыр боп жаусам сел болып,
Айнадай тұнып, тыныстап,
Жатар ем, айдын көл болып.
Жабырқап жалғыз отырмын,
Сезімге қанбай шөл болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу