Өлеңдер ✍️

  11.05.2022
  169


Автор: Қаршыға Есімсейітова

Арасынан ақ нұрдың сені іздедім, таппадым....

Арасынан ақ нұрдың сені іздедім, таппадым,
Күтіп жүрмін атар деп бақыттың бал ақ таңын.
Жинап бойға сезімнің бар шырынын,
Татқызбадым өзгеге және сен де татпадың.
Мүмкін емес, сезінбеуің, сенбеуің,
Сені іздеп түсіңе де енбеуім.
Мендегі асыл, бар қазынам - жүрегім,
Ауыртады кешіккенің, келмеуің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу