Өлеңдер ✍️

  11.05.2022
  108


Автор: Жүрсін Ерман

Шал мен шаңырақ

Шопан емес,
Емес шофер, кенші иә,
Қоңыр дүкен болған оған енші – ұя.
Екінші топ мүгедегі алатын
Елу бір сом елу тиын пенсия.
Қоңыр дүкен, қара көлік, іскенже...
Қапсағай шал қапыл емес күштен де,
Шойыныңыз шығатұғын бұйым боп
Төс пен балға арасына түскенде.
Соғыстан кеп, қолына бір тиді ырық,
Құба талдан күлдіреуіш идіріп,
Көмірді де қолдан жасап алатын
Құлжанбайдың көк түзгенін күйдіріп.
Бізге ертегі сияқты еді сол шақтар.
Тез қасында жатушы еді қаусап тал.
Жидеңізді отыратын нанша илеп
Күлдіреуіш секілденген саусақтар.
Кім біліпті, бар екен не тәсілі,


(Ұсталық та талант болар нәсілі).
Көк жидені құрастырып құрсаулап
Шаңырақ жасау еді басты кәсібі.
Жиделікті тезге салып төңкеріп,
Ернеулерін зер айшықпен көмкеріп,
Жасайтын ол жас шаңырақ,
Сондағы
Дәнекері– қайыс пенен көн тері.
Отау тігу ұлға қажет болса егер
Алыс демей, ел осында жол шегер.
Қарақұмда қанша киіз үй болса
Сонша шаңырақ жасаушы еді сол шебер!
Шаңырақ керек– ең далада құрсаң бақ,
Өз отыңсыз шалқымайды жыр самғап.
Тың көтерген жылы көшіп келгенде
Иванға да жасап берген бір шаңырақ.
Қара тері құйылса да көзіне,
Ол ақы пұл сұрамайтын тезіне.
Елу бір сом елу тиын молынан
Жететұғын кемпірі мен өзіне.
Қара көрік ертелі-кеш күпілдеп,
Ұстахана тұрушы еді түтіндеп.
Отыратын қоңыр дүкен ішінде ол
Бүкіл елдің баспанасын бүтіндеп.


(Өмір заңы кейде мүлдемсорақы-ау),
Көңілінде ұрпақ жайлы бар ақау.
Қарт шеберге болған жалғызжұбаныш


Елі-жұрты көтерген жас әр отау!
Өтті сол шал дүниеден бір күні,
Бір-ақ қағып кемпіріне кірпігін.
Өшті мәңгі қоңыр дүкен түтіні,
Тынды мәңгі қара көрік күрпілі.
Жүректерді өзге өнерге ғашық қып
Тіршіліктің тыңдарына асықтық.
Сол ауылдан шықпады ешкім қайтадан
Шаңырақ жасап таратуды кәсіп қып.
Енді жаңа үй көт
еру күш тіптен:
МТМ-да тынады бар іс біткен.
Шайқалады шал жасаған шаңырақтар
Қара дауыл соғып өтсе түстіктен.
Күрсінеміз ұста түскен шақ ойға,
Өткендерді оралтатын жоқ айла.
Өсіп келе жатыр жаңа шыбықтар
Шал жиделік қиятұғын тоғайда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу