Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  145


Автор: Жүрсін Ерман

Екі метр Барқыт

Дүниенің жоқ кезі ғой онда артық,
202
Жоқшылықты тұрған бәрі аңғартып.
Жауды жеңіп оралғанда Зәбида
Ала келді екі метр панбарқыт.
Сақи еді көрмеген түк малданып,
Жеңгелері жүрді қатты таңданып:
Бар сыйлығын бөліп беріп ауылға
Панбарқытты бермей бірақ қалды алып.
Жұмысы жоқ

өкепелі ме ел,
ырза ма.
Бір сараңдық кірді сақи

мырзаға:
Талай тәуір жеңгелері жалынып
Сол барқыттан ала алмады бір жаға!
Көк ка
мзолмен көріне алам
ай көпке
артық Әйелі де жүрді оған өкпе артып.
Бар ауылдың болып алды көз құрты
Жаудан келген екі метр көк барқыт.
Панбарқытты ұстай алмай мүлкі етіп
Келіншегі көз жасын да іркетін.
Ал Зәбида

уәкіске малып ап
Көк барқытпен керзі етігін сүртетін!
Шындық осы. Жоқ титтей де
артық
-кем.
Бойға сінген жауынгерлік тәртіппен
Керзі етігін жылтыратып қоятын
Ысып
-ысып күнде жаңа барқытпен!
Сол барқыттан бір жағалық сұраған
Жеңгелері кетті өкпелеп сірә оған.
Майдангердің оқшау осы мінезін
Түсінбеді, түсінбеді бір адам!
Қанды кешкен, небір сұмдық жайды ұққан,


Қырғыныңнан жүрегі әбден шайлыққан,
Зәбең болса байлықта деп бар індет,
Бар пәлені көруші еді байлықтан.
Жеңілді жау. Одан асқан жоқ бақыт.
Қуанғанмен Зәбең бөркін көкке атып,
Сұм соғысқа себеп болған байлыққа
Көкейінде қалған еді кек қатып.
Бейбіт күннің, тыныштықтың нарқы өтіп,
Жас өмірін келгеннен соң сарп етіп,
Қолға түскен екі метр байлықты
Жүр еді ол мазақ қылып, тәрк етіп!
Сәл көбейтіп ақындардың санатын
Атау керек шығар бәлкім оны ақын:
Байлықпенен жылтыратқан етігін
Егінжайдың шаңдағына ол салатын!
...Ел қатарлы ғұмыр кешіп артық-кем
Өткен жазда өлді Зәбең сарқып дем.
Қарт солдаттың бетін жаптық...
көк емес,
Екі метр өрттей қызыл барқытпен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу